12 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

12 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Фото: vk.com

Бүгін Рио Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша бақ сынайды. Назарларыңызға 12 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Қазақстандық жанкүйерлер бүгін ауыр атлет Денис Улановтан үлкен үміт күтеді. 85 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын спортшымыз туралы бас бапкер Алексей Ни алтын алады деп айтқан болатын.

Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға көтеріледі. Бірінші жекпе-жегінде ерекше өнерімен көзге түскен қазақстандық боксшы алжирлік Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді. 1/16 финалда ол британдық Энтони Фаулерді жеңген болатын. Әлімханұлы 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы. Ильяс Аббади - алжирлік боксшы, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 2011 жылғы Африка чемпионатының күміс жүлдегері.

Академиялық есу. Ерлер. Финал F
Владислав Яковлев
Басталуы сағат 17.30-да.

Атыс. Винтовкадан жатып ату (50 метр). Квалификациялау.
Юрий Юрков
Басталуы сағат 18.00-де.

Академиялық есу. Әйелдер. Финал Е
Светлана Герасимович
Басталуы сағат 18.00-де.

Жеңіл атлетика. Диск лақтыру. Ерлер
Евгений Лабутов
Басталуы сағат 18.30-да.

Бокс. 75 келіге дейін. 1/8 финал
Жәнібек Әлімханұлы
Басталуы сағат 22.30-да.

Жеңіл атлетика. 20 метр жүру. Ерлер
Георгий Шейко
Басталуы 23.30-да.

Ауыр атлетика. Ерлер 85 келіге дейін. 
Денис Уланов
Басталуы 04.00-де.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Риодағы Олимпиада ойындарындағы медальдар рейтингінде он екінші орында тұр. 

О. Сансызбай