Қазақстандық велошабандоз сегізінші орын алды

Қазақстандық велошабандоз сегізінші орын алды
Фото: google.kz

Қазақстандық велошабандоз Андрей Зейц Олимпиада ойындарында 230 шақырымды құрайтын бәсекеде сәтті өнер көрсетіп, сегізінші орын алды.

Андрей Зейцтің Олимпиадаға баратыны соңғы күндері ғана белгілі болды. Ал оған дейін бұл жолдама Алексей Луценкоға тиесілі еді. Бірақ бұл спортшы жаттығу кезінде жарақат алып, Риоға бара алмай қалды. Нәтижесінде Алексейді Андрей алмастырған болатын.

Андрей Зейц соңғы сәттерге дейін жүлдеге талас жүргізді. Бірақ аздап озып кеткен қарсыластарын басып озу мүмкін болмады. Нәтижесінде мәре сызығын сегізінші болып кесті. Ал бұл жарысқа қатысқан екінші бір спортшымыз Бахтияр Қожатаев мәреге 61-ші болып жетті.

Олимпиаданың алтын жүлдесін бельгиялық велошабандоз Грег Ван Авермат жеңіп алды. Ол 230 шақырымды 6:10:05 сағатта бағындырды. Күміс медальды дат спортшысы Якоб Фульсанг иеленсе, қола медаль поляк Рафал Майкаға бұйырды.

О. Сансызбай