Олимпиаданың алғашқы алтынын АҚШ спортшысы иеленді

Олимпиаданың алғашқы алтынын АҚШ спортшысы иеленді
Фото: vk.com

Рио Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесін АҚШ елінің мергені Вирджиния Трэшер иеленді. Ол пневматикалық винтовка арқылы 10 метр қашықтықтан нысана көздеуде жеңімпаз атанды.

Вирджиния Трэшер жарыста 208,0 ұпайға ие болды. Күміс жүлде іріктеу кезеңінде Олимпиада рекордын жаңартқан қытай спортшысы Ду Лиге бұйырды. Ол Олимпиада чемпионынан бір ұпайға қалып қойды. Қоланы да қытайлық спортшы иеленді. И Сылин 185,4 ұпаймен үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, пневматикалық винтовка арқылы 10 метр қашықтықтан нысана көздеуде Қазақстан атынан Елизавета Король шыққан болатын. Ол іріктеу кезеңінен өте алмаған-ды.

О. Сансызбай