Елизавета Король іріктеуден өте алмады

Елизавета Король іріктеуден өте алмады
Фото: vk.com

Қазақстандық мерген Елизавета Король 10 метр қашықтықтан нысана көздеуде іріктеуден өте алмады. Отандасымыз 410,6 ұпай жинап, 51 спортшының ішінде 37-орыннан көрінді.

Іріктеу кезеңінде қытайлық Ду Лив 420,7 ұпай жинап, Олимпиада рекордын жаңартты. Елизаветаның үздік сегіз спортшының қатарына енуіне 5 ұпай жетпей қалды.

О. Сансызбай