Олимпиадашыларымыз ертең Астана көшелерімен жүріп өтеді

Олимпиадашыларымыз ертең Астана көшелерімен жүріп өтеді

Ертең Астана қаласының көшелерімен Олимпиада ойындары-2012 жүлдегерлер легі жүріп өтеді. Осыған байланысты сағат 13:00 мен 15:00 аралығында қаланың орталығы жабылады. 

Естеріңізге сала кетсек, Лондонда өткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 12-орынға табан тіреген болатын. Ертең таңертең ел намысын қорғаған Олимпиадашыларымыз Елбасымен салтанатты кездесу өткізеді. Содан соң спортшыларымыздың құрметіне "Бәйтерек" монументі маңында мерекелік концерт пен фейерверк ұйымдастырылады. 

Дерек көзі: 1tv.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: sk.kz

Ж. FM