Баскетболдан алтын жүлде АҚШ-қа бұйырды

Баскетболдан алтын жүлде АҚШ-қа бұйырды

Ерлер арасында баскетболдан өткен додада АҚШ құрамасы XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанып отыр.

Салт-дәстүрдің айнымас бөлігіне айналып кеткендей, АҚШ құрамасы финалдық ойынның жеңімпазы саналған болатын. Солай болды да. Есесіне бұл жолы америкалықтарға біраз терлеуге тура келді. Себебі, анау-мынау емес Испания құрамасымен шыққан еді.

Ойынның бастапқы уақыты америкалықтардың басымдылығымен өткенмен ( 35:27), екінші бөлікте испандықтар басымдылықты өз қолдарына алды ( 31:24). Домалақ доптың екі жақты да әбден қажытқаны өз алдына, Олимпиада чемпионы соңғы минуттарда анықталды. АҚШ құрамасы бастапқы күш-қуаттарын қалыпқа келтіріп, шешуші сәтте жеңісті жұлып алып кетті - 107:100.

Айта кетуге тұратын ойыншылар, жеңімпаздардың сапында ең үздік ойын көрсеткен ойыншылар: Кевин Дюрант (30), Леброн Джеймс (19) және Коби Брайант (17). 

Естеріңізге сала кетсек, қола жүлде үшін болған таласта Ресей құрамасы Аргентина баскетболшыларын 81:77 есебімен ұтқан болатын. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига