Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Лондон Олимпиадасының Чемпионы Серік Сәпиевке Вэл Баркер кубогы берілді

Лондон Олимпиадасының Чемпионы Серік Сәпиевке Вэл Баркер кубогы берілді

Лондон Олимпиадасының Чемпионы Серік Сәпиевке Вэл Баркер кубогы берілді

Олимпиаданың техникалық жағынан ең үздік боксшысы ретінде Серік Сәпиевке Вэл Баркер кубогы берілді.

Екінің біріне бұйыра бермейтін беделді жүлдеге бұған дейін қазақстандық боксшылар - Василий Жиров пен Бақтияр Артаев ие болған. Вэл Баркер кубогы (ағыл. Val Barker Trophy) - 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалық боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылшын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының алғашқы құрметті хатшысы Вэл Баркер құрметіне 1920 жылы тағайындалған. Кубок AIBA-ның жекеменшігі болып табылады және Олимпиада ойындарында алған орынына қарамастан ең мықты техника көрсеткен боксшыға табыс етіледі.

Жеңімпазға Кубоктың көшірмесі және АIBA-ның Дипломы беріледі. Кубок жарыстар біткеннен соң, бір күннен кейін, арнайы салтанатты рәсім барысында, АIBA мүшелері және шақырылған қонақтар көзінше табыс етіледі. Салтанатты рәсімге Кубокқа үміткер болған барлық спортшылар шақырылады. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және Олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады.

Кубок иегері Кубокты өз елінің Ұлттық бокс федерациясына келесі Олимпиада ойындарына дейін сақтауға өткізеді. Ұлттық бокс федерациясы АIBA-ға Кубокты қауіпсіздікте сақтау жөнінде кепілдеме береді және АIBA-ның есепшотына кепілдік ретінде ақша аударады. Келесі Олимпиада ойындары басталуына кем дегенде жеті күн қалғанға дейін Кубок Олимпиада өтетін қалаға, АIBA -ның Атқарушы комитетінің мүшелеріне жеткізілуі керек.

Кубок иегері АIBA тарапынан келесі Олимпиада ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып, Кубокті келесі боксшыға табыстау рәсіміне қатысады. Егер Кубокты қатарынан үш рет бір елдің боксшылары алса, онда Кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

2316 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 тамыз 2012, 11:59
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 00:00

ғажап, құтты болсын!!!

+0
13 тамыз 2012, 00:27

Әбден лайық!

+0
13 тамыз 2012, 01:46

жаксы екен мунысы

+0
13 тамыз 2012, 09:32

Керемет! Қуаныштымын

+0
13 тамыз 2012, 09:33

Соңғы 5 олимпиадада Баркер кубогын Қазақстандықтар 3 рет алды! Бұл қазақ боксының қаншалықты мықты екенін көрсетпесе де, достойный боксерлар бізде көп екенін көрсетеді. Әттең 2000 жылғы Сиднейде осы кубокты ресейлік Саитов емес, Бекзатымыз алғанда, Баркер кубогын біздің бокс федерациясына мәңгілік сақтауға берер еді

+0
13 тамыз 2012, 11:05

супер жаңалық :D

+0
13 тамыз 2012, 11:10

керемет!!! :)

+0
13 тамыз 2012, 11:56

Құтты болсын!!!

+0
13 тамыз 2012, 12:13

Серік ең мықты!

+0
14 тамыз 2012, 12:07

Сапиевтин осы суретин корип козиме жас кеп кетти,ен курыганда бир казак жигити алтын алды-ау деп куанганым гой,жарайсын Серик ага,Казакстан сени суйеди

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев