Қазақ балуаны ширек финалда

Қазақ балуаны ширек финалда

Қазақ балуаны Дәулет Шабанбай еркін күрестен 1/4 финалға шықты.

120 келі салмақта өнер көрсететін отандық спортшымыз 1/8 финалда румын балуаны Даниэл Чинтоанды қабылдады. Айта кететін болсақ, Дәулет Шабанбай белдесудің бірінші бөлігінде румындықтан 0:3 есебімен жеңіліп, екінші бөлікте 5:2 есебімен кеткен есені қайтара алды. Қосымша бөлікте қазақстандық бір ұпайға ие болып, жеңісті жұлып алып кетті. 

Жартылай финалға өту үшін Ермек жігіт грузиялық Давид Модзманашвилимен белдесетін болады. Еске сала кетсек, 25 жастағы Тблисиден келген балуан өз кезегінде мексикандық Джесси Руис Флоресаны 11:0 есебімен жеңген еді.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига