Ресейлік күресші біздің Гюзелді жартылай финалға жібермеді

Күрестен 72 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Гюзель Манюрова Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады. 

Ширек финалдық жекпе-жекте 34 жастағы Гюзель ресейлік Наталья Воробьевадан жеңіліс тапты. Манюрова мен Воробьеваның арасында болған кездесу алғашқы кезеңде аяқталды. Бірінші кезеңде отандасымыз 3:0 есебімен алға шыққанымен, 21 жастағы ресейлік 4 ұпай иеленіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Дайындаған: Ғани Трғынбеков

Сурет: london2012.com