Дархан Баяхметов 1/4 финалға шыға алмай қалды

Дархан Баяхметов 1/4 финалға шыға алмай қалды

Қазақстандық грек-рим шебері  Дархан Баяхметов 1/4 финалға шыға алмай қалды, деп хабарлайды Массагет.кз.

66 келі салмақта өнер көрсететін ел спортшысы 1/8 финалда литвалық Эдгарас Венскаитистен жеңіліп қалды. Белдесудің бірінші бөлігінде 26 жастағы алматылық күрес шебері 2:0 есебімен ұтқан болатын. Алайда, екінші бөлікте дәл осындай есеппен литвалыққа есе жіберіп қойды. Және қосымша екі минуттықта жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіліп тыңды.

Егер Эдгарас Венскаитис алда-жалда финалға шығып жататын болса, онда отандық спортшымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, Дархан Баяхметов алғашқы айналымда Сербиядан келген спорт шебері Александр Максимовичті жеңген болатын.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Ғани Тұрғынбек

Л. Лига