Гаджиев Олимпиада медалінен құр қалды

Гаджиев Олимпиада медалінен құр қалды

Лондон бозкілемінде грек-рим күресінен 84 келі салмақтағы отандасымыз Даниял Гаджиев жартылай финалдық кезеңге шыға алмады.

  ¼ финалдық белдесуде Даниял ресейлік палуан Алан Хугаевқа ұпай бойынша есе жіберді. 26 жасар біздің палуанды жеңген Ресей спортшысы жартылай финалдық кезеңде 27 жасар хорват жігіті Владимир Гегешидземен белдесетін болады.

Ал Даниял Гаджиев Хугаевтың сәтті өнер көрсетуін тілейтін болады. Егер Алан жартылай финалдық бәсекесінде жеңіске жетсе, біздің отандасымыздың қола жүлде үшін белдесетін мүмкіндігі болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vmdaily.ru

Ж. FM