Әдісі мықты Әділбек ширек финалда

Әдісі мықты Әділбек ширек финалда

Бүгін, 81 келі салмақ бойынша қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов 1/16 айналымында Карлос Гонгораны ойсырата жеңді деп хабарлайды Massaget.kz

23 жастағы Әділбек эквадорлық боксшымен қолғап түйістірді. Шаршы алаңға шыққан отандасымыз жекпе-жектің алғашқы минутынан бастап  ойынды өз қолына алуға тырысты, және өз дегеніне жетті. 4:1 есебімен  Әділбек ала шықты.

Екінші раундта да қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдығы төрешілерге анық байқалып, Әділбек бұл  жолы да 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жалпы қорытынды 8:3, қазақстандық боксшының пайдасында. 

Кездесудің соңғы үш минуттығында Карлос Гонгора есеп айырмасын қысқартуға барын салғанымен Әділбектің осал тұсын таба алмады. Қорытынды есеп 13:5.

Келесі айналымда Әділбек Ниязымбетов Иран боксшысы Рузбахани Ехсанмен күш сынасады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: olympic.kfb.kz

Ж. FM