Хаджимурат Аккаев XXX жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды

Хаджимурат Аккаев XXX жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды

Ресейлік ауыр атлетші Хаджимурат Аккаев XXX жазғы Олимпиада ойындарына арқа жарақатының кесірінен қатыспайтын болды. Бұл туралы Ресейдің ауыр атлетика федерациясының президенті  Сергей Сырцов хабарлап отыр.

Аккаев 105 келі салмақта Олимпиада ойындарында 6 тамыз күні шығу керек болатын. Сырцовтың сөзіне сенсек, Аккаев бірнеше күн бұрын омыртқасына операция жасатыпты.

"Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді деп едік, соңғы күнге дейін сол сеніммен келгенбіз. Бірақ, қазір өкінішпен айтуға болады, Хаджимурат Лондон төрінде өнер көрсетпейді. Біз үшін бұл орны толмас үлкен соққы болды. Тағы бір алтын медаль қолдан ұшып кетті" - деп  Сырцов мәлімдеді.

Сурет:news.sportbox.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига