Олимпиада жайлы қызықты деректер

Олимпиада жайлы қызықты деректер
Лондон Олимпиадасы  - Олимпиада тарихындағы ең қызықты және ерекше ойындардың бірі болатын сияқты. Лондон Олимпиадасы жайлы қызықты деректерді оқи отырыңыздар.
  • Лондон - тарихтағы Олимпиаданы 3 рет қабылдаған жалғыз қала.
  • Олимпиададағы қауіпсіздік ұйымдастырушыларға 900 миллион доллар тұрды.
  • Әр медальдің салмағы - 400 грамм.

  • Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларға Олимпиада кезінде некелесуге тыйым салынған.
  • Тарихта бірінші рет қатысатын 204 елдің әрқайсысынан әйел спортшылар бар.
  • Олимпиаданың ең ересек қатысушысы - Жапондық Хироши Хокетсу. 71 жастағы спортшы сонау 1964 жылғы Олимпиадаға қатысқан екен.

  • Ойындарға жүкті әйел - Малазиялық Нур Саряни Мохаммед Таиби қатысады екен. Жүктілігінің 9 айындағы спортшы оқ атудан жарысқа түседі.

  • Қытай құрамасының спортшыларына ет жеуге рұқсат етілмейді. Жаттықтырушылары ет құрамында тыйым салынған құрамдас бөліктер табылады деп күдіктенуде. Сондықтан ет жеген ойыншы құрамадан шығарылады-мыс.
  • Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде әйгілі британдық «Spice Girls» тобы өнер көрсетеді. Олар осы мерейтой үшін бір күнге топтарын қайта қоспақ.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: blogs.nvcc.edu

С. А