Жеңіл атлетші Ирина Карпова әзірге 35-орында

Жеңіл атлетші Ирина Карпова әзірге 35-орында

Қазақстандық Ирина Карпова жеті сайыстың алғашқы жаттығуы - 100 метрлік қашықтықты кедергімен өтуде 35-орынға табан тіреді деп хабарлайды Массагет.кз.

Карпова қашықтықты 14,21 секундта өтіп, 949 ұпай иемденді. Бірінші кезеңнен соң 1195 ұпай жинаған британдық Джессика Эннис көш бастап келеді. Оның көрсеткіші 12,54 секунд. Бұл жаң әлем рекорды. Енді Астана уақытымен сағат 16:15-те биікке секіру жаттығулары басталады. 

Айта кетсек, сонымен қатар, үш қарғып секіруде екі қазақстандық жеңіл атлетшілеріміз Лондонда өнер көрсетуде. Олар: Ольга Рыпакова мен Ирина Литвиненко Эктова. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM