Төрешілер төреліктен кетті немесе "Күншығыс елінің" білікті бапкерлері

Төрешілер төреліктен кетті немесе "Күншығыс елінің" білікті бапкерлері

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) әзірбайжандық Магомед Абдулгамидов пен жапондық Сатоши Шимидзудың арасында өткен кездесудің қорытынды есебін теріске шығарды. Оған себеп жекпе-жек аяқтала салысымен "Күншығыс елінің" бапкерлері тиесілі орындарға арыз тастаған. 

Кешегі күні (1 тамыз) 56 келі салмақта болған жекпе-жекте Әзірбайжан жігіті  Магомед Абдулгамидов жеңіске жеткен болатын. Бірінші (2:4 ) мен екінші (3:8) раундты өз пайдасына шешкен Магомед үшінші раунд бастала салысымен жерге жығылып түсе берді. Бірақ, бұның бәріне көз жұма қараған төрешілер тарапы жеңісті әзірбайжан жігітіне алып берген-ді. 

Енді міне АІВА қауымдастығы түрікмен азаматы  Ишангұлы Меритниязовты төреліктен кетіріп және жапон боксшысы Сатоши Шимидзудың ширек финалға жолдама алғандығын хабарлап отыр.

Естеріңізде болса, бұдан бұрында ерлер арасындағы командалық спорттық гимнастикада жапондықтар төрешілердің қателігінен енді болмағанда 4-орынды місе тұтып қала беретін еді. Алайда, жапон бапкерлері шағым түсіріп, нәтижесінде 2-орынды иеленген болатын.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига