Аннаға бағынбаған зілтемір

Аннаға бағынбаған зілтемір

69 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық зілтемірші қызымыз Анна Нұрмұхамбетова XXX жазғы Олимпиада ойындарында, өкінішке орай, тек 5-орынға қол жеткізе алды, деп хабарлайды Массагет.кз.

19 жасар Анна жұлқа көтеруден 115 келіні бағындырды. Алайда оның басты бәсекелестері болып саналатын Солтүстік кореялық Рим Джонг Сим және беларусь спортшысы Сазанаветс Дзиналар да 115 келі салмақты көтеру арқылы дес бермей кетті. 

Серпе көтеру кезінде үш мүмкіндіктің тек біреуін ғана пайдалана алған көкшетаулық Анна 136 келіні көтерді. Жалпы жұлқа және серпе көтерудің қорытындысы бойынша оның бағындырғаны - 251 келі болды. 

Бүгін осы салмақта жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына шыққан спортшыларды айта кетсек, жалпы есепте 261 келіні бағындырған Корея халық демократиялық республикасының өкілі Рим Джонг Сим алтын жүлдеге ие болды. Ал күміс медаль румыниялық Роксана Даниела Кокостың (256) қанжығасында кетсе, қола жүлдені беларусь спортшысы Шкерманкова Марина (256) алды. 

 

 Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига