Гимнасшы Мөлдір финалдық кезеңге өте алмады

Гимнасшы Мөлдір финалдық кезеңге өте алмады

Қазақстандық гимнасшы қызымыз Мөлдір Әзімбай көпсайыстың іріктеу кезеңінде 58-орынға қол жеткізіп, финалдық кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

16 жастағы Шымкент өлкесінің тумасы жарыс барысында 46,999 ұпайға қол жеткізген. Алайда, Мөлдірдің жарысты жалғастыруына бұл ұпайлар мүмкіндік бермейтін еді. 

Айта кететін болсақ, аталған жарыста ресейлік Виктория Комова 60,632 ұпай жинап, бірінші орынды иеленген.

Сурет:prosportkz.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига