Олимпиаданың даңқты дау-дамайлары

Олимпиаданың даңқты дау-дамайлары

Олимпиада ойындары әрқашан да ел есінде шеберлігі асқан спортшылардың  адал жеңістері тарихы ретінде қала беруі тиіс. Дегенмен, өкінішке орай, тіпті Олимпиада ойындарында (мейлі жазғы болсын, мейлі қысқы) барлық нәрсе әділ болған емес. Кейбір спортшылар допинг дауына ілгіп, жарыстан «ұшып» жатса, енді бірі жүлделерін жерге лақтырған. Осы секілді Олимпиада ойындары тарихында кездесіп жатқан қайғылы да күлкілі сәттерді еске алсақ.

1928 жылы Амстердамда 3000 метрлік дистанцияға жүгіру кезінде айналымды есептейтін төреші орнынан аздаған уақытқа кетіп, есеп жаңылыстырған. Нәтижесінде спортшылар 450 метрге артық жүгірген. Ақырында,  нәтижелер есептеліп, 3450 метрді 10 минут 33,4 секундта жүгіріп шыққан финляндиялық атлет Волмари Исо-Холло жеңімпаз деп танылды.

Жарыстарда конькишілердің жиі құлайтыны бәрімізге мәлім. Бұл осы спорт түрінің өзіндік ерекшелігі секілді. Олимпиада-2002-нің финалдық жарысында 1000 метрлік қашықтықты өтуде Стивен Брэдбери топ соңында келе жатты. Дегенмен, намысқа тырысып соңғы айналымға дейін уақыт айырмашылығын қысқартуға тырысты. Және тырысқаны зая кетпеді – озып кеткен 4 конькишінің бәрі де ең соңғы бұрылыста құлайды, ал Стивен чемпион болды. Керекті жерде, керекті кезде болу деген осы.

1912 жылғы Олимпиада тарихтағы ең жанжалды ойындардың бірі деуге келеді. Сол ойындарда айтылған наразылықтар мен шағымдар кейін 56 беттік кітап болып басылып шыққан болатын. Алайда, дау-дамайлардың ішіндегі ең даңқтысы бессайыс пен онсайыстан екі алтын медаль иеленген, ата тегі үнді халқынан шыққан американдық жеңіл атлет Джим Торппен байланысты. Торп сол Олимпиададағы қаһармандардың бірі болған, дегенмен АҚШ елінде Олимпиада чемпионы үндіс болды дегенді біреу ұнатпаса керек. АҚШ елі Торптың кәсіби бейсболшы болуына байланысты Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын (жарыс тек әуесқойларға ғана арналған) дәлелдемек болып, одан медальдарды қайтарып алуды талап етті. Нәтижесінде талап қанағаттандырылып, Торптан барлық медальдар қайтарып алынды.

1972 жылғы Саппородағы Олимпиаданың кезекті дайындық кезінде осы жарыстардың тарихына қызығушылық танытатын көрермендердің бірі Олимпиада ойындарының логотипінде түрлі-түсті сақиналардың орындарымен ауысып кеткенін байқайды. Жарыс ұйымдастырушылары оның ескертуіне ұзақ ызаланған. Бірақ, түпдеректі қарағанда, байқампаз көрерменнің дұрыстығы анықталды. Ал бұрыс логотип соңғы 20 жыл ішінде болған Олимпиадаларда қолданылса керек және ешкім де қателікті байқамаған.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM