Адамда неандертальдықтың ДНҚ-сы бар: медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы не үшін берілді

Швецияда Нобель апталығы басталды. Ал бірінші сыйлық физиология және медицина саласы бойынша Сванте Паабоға – «жойылған гоминдердің геномдары мен адам эволюциясына қатысты жаңалығы үшін» берілді.

«Өзінің жаңашыл зерттеулері арқылы Сванте Паабо мүмкін емес болып көрінетін нәрсеге қол жеткізді: ол қазіргі адамдардың жойылып кеткен туысы неандерталь геномының ретін жасады. Ол сондай-ақ бұрын белгісіз гоминид Денисов туралы сенсациялық жаңалық ашты. Маңыздысы, Паабо гендердің 70 000 жыл бұрын Африкадан қоныс аударғаннан кейін жойылып кеткен гоминдерден гомо сапиенске ауысқанын анықтады. Заманауи адамдарға ежелгі ген ағыны бүгінде физиологиялық әсерге ие, мысалы, иммундық жүйеміз инфекцияларға қалай жауап беретініне әсер етеді.

Неліктен бұл жаңалық заманауи медицина үшін маңызды?

Дәрігер және журналист Александр Бурлаковтың айтуынша, Сванте Паабоның зерттеулері мүлдем жаңа ғылыми пәнді – палеогеномиканы дүниеге әкелді.

"Барлық тірі адамдарды жойылған гоминидтерден ажырататын генетикалық айырмашылықтарды анықтау арқылы оның нәтижелері бізді бірегей адамдар ететін нәрсені зерттеуге негіз болады", - деп түсіндірді дәрігер өзінің Telegram-арнасында.

Жойылып кеткен неандертальдық

Әулие Люк атындағы клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, жалпы тәжірибелік дәрігер Юлиан Карповтың айтуынша, швед ғалымы адам геномын зерттеуде әлемдік көшбасшы. Ал оның негізгі зерттеулері неандертальдық және һомо сапиенс геномындағы айырмашылықтарға бағытталған.

"Белгілі бір кезеңде адамзат эволюциясы екі бағытта жүріп өткені белгілі – бұл неандертальдықтар мен һомо сапиенстер. Уақыт өте келе неандертальдар жойылып кетті. Бұл жойылудың себептері (сонымен бірге дамуда һомо сапиенс неліктен артықшылыққа ие болды) әлі белгісіз. Ғалым геномды ашу арқылы осы себептерді анықтауға тырысты.

Қазіргі уақытта түр аралық тоғысу фактілері – яғни аралас ұрпақтардың болғаны анық. Біздің әрқайсымызда неандертальдық ДНҚ-сы шамамен 1-2 пайыз бар. Бұл маңызды, өйткені неандертальдықтардың денесінің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, генотипінде неандертальдық ДНҚ-сы бар адамдардың белгілі бір ауруларға бейімділігін болжауға болады. Атап айтқанда, бұл зат алмасу аурулары, семіздік және фосфор-кальций минералды алмасуының бұзылуы.

Айта кетейік, кеше физика бойынша биылғы Нобель сыйлығы француз ғалымы Ален Аспеге, америкалық Джон Клаузерге және аустриялық Антон Зейлингерге «шиеленіс фотондармен тәжірибе жүргізгені, Белл теңсіздіктерінің бұзылуын анықтағаны және кванттық информатиканың жаңашылдығы үшін» берілді.

Ал, бүгін  химия саласы бойынша Нобель сыйлығы ның иесі анықталады. Содан кейін, әдебиет, бейбітшілік және экономика саласындағы  Швед банкінің мемориалдық сыйлығы лауреатының есімдері белгілі болады.

Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольм мен Ослода (Бейбітшілік сыйлығы беріледі) өтеді.