Испанияда әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Испанияда әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Фото: guinnessworldrecords.com

Испанияның Леон қаласында тұратын әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті. Бұл туралы Гиннесс рекордтар кітабының сайты жазды.

Әлемдегі ең қарт адам деп танылған Леон тұрғыны Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия 112 жасында қайтыс болды.

"Ол таңғы астан кейін көп ұзамай, қатты дем ала бастады және бірнеше секундтан кейін сағат шамамен 11:00 шамасында шам сияқты сөніп қалды", - деп оның күйеу баласы Бернардо Маркос Гарсияның өлімін сипаттады.

Рекордшы 1909 жылы 11 ақпанда Леон қаласында дүниеге келген. Бойының қысқа болуына байланысты Испаниядағы азамат соғысы кезінде әскерге бармаған. Мамандығы етікші болған ол 13 жасынан бастап фабрикада отыз жылдан астам жұмыс істеген. Кейінірек компания жабылғасын, ол Пуэнте Кастрода көп жылдар бойы өмір сүрген үйінде жеке компаниясын ашты. Бұл аймақта Гарсия CD Puente Castro футбол командасын құрды, ол әлі де белсенді және ол құрметті клубтың мүшесі. Гарсия 24 күннен кейін 113 жасын атап өткелі тұрған еді. 

Испан азаматы 8 бала тәрбиелеп өсірді, оның үшеуі қазір өмірден өткен. Гарсияның 14 немере, 22 шөбересі бар.

Еске салайық,Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия Гиннесс рекордтар кітабына 2021 жылдың күзінде енгізілген, бұл уақытта ол 112 жаста еді.

Т. Раушанұлы