Қытай ровері Айдың арғы бетінен жұмбақ нысанның суретін жіберді

Қытай ровері Айдың арғы бетінен жұмбақ нысанның суретін жіберді
Фото: vladivostok

Қытайдың "Юйту-2" ровері Айдан жұмбақ нысанның текше тәрізді суретін жіберді. Бұл туралы журналист Эндрю Джонс Twitter парақшасында хабарлады.

"Айдың арғы бетіндегі Юйту-2-ден хабар келді. Солтүстік көкжиекте белгісіз текше тәрізді нысан табылып, оны "жұмбақ үй" деп атады. Ровер оның не екенін анықтау үшін алдағы 3-4 күнде жақындайды. Нысан бағана немесе жатпланеталық емес екені анық, бірақ зерттеуге тұрарлық жұмбақ", - деп жазды ол.

Суреттегі нысан анық көрінбейді © twitter.com

Бұл туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу әзірге мүмкін емес, өйткені "жұмбақ үйдің" бейнесі онша анық емес.

Айдың бұл бөлігінде көптеген кратерлер бар және бұл нысан астероидтың Айға соғылуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Юйту-2 2019 жылы Айдағы Вон Карман кратері аймағына қонды. Құрылғы Жер серігінің арғы бетіне жеткен алғашқы Ай ровері атанды. 

Т. Раушанұлы