Өзбекстандағы қазақтардың саны қанша?

Өзбекстандағы қазақтардың саны қанша?

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарына Өзбекстан Республикасының тұрақты халқының саны – 34,6 миллионды құраған.

Өзбекстан Республикасы азаматтарының этникалық құрамы:

♦ өзбек - 29,2 млн;
♦ тәжік - 1,7 млн;
♦ қазақ - 821,2 мың;
♦ қарақалпақ - 752,7 мың;
♦ орыс - 720,3 мың;
♦ қырғыз - 291,6 мың;
♦ түркімен - 206,2 мың; 
♦ татар - 187,3 мың;
♦ корей - 174,2 мың; 
♦ Украин - 67,9 мың;
♦ Әзірбайжан - 41,2 мың;
♦ Беларусь - 18,5 мың;
♦ басқа ұлт өкілдері - 426,4 мың.

Мемлекеттік статистика комитетінің 2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтеріне сәйкес, 1989 жылдан бері бір миллионға жуық орыс Өзбекстаннан кеткен. 2021 жылға қарай орыстардың саны 720,3 мың адамды құрады, ал, 1989 жылы 1 миллион 653 мыңнан астам болған.

Өзбекстанның жалпы халқы 2021 жылы 34,6 миллион адамнан асқан болса, 1989 жылы 19,81 миллион болған. Өзбекстандағы ең үлкен этникалық топтар – өзбектер, тәжіктер, қазақтар, қарақалпақтар мен орыстар.

Тәжіктердің саны – 933 560 адамнан 1,7 миллион адамға дейін, екі есеге жуық өскен. Қарақалпақтар мен (1989 жылы – 411,8 мың, 2021 жылы – 752,7 мың) қырғыздардың (1989 жылы – 174,9 мың, 2021 жылы – 291,6 мың) саны да өсіп жатыр.

Ал, қазақтардың саны өзгеріссіз қалған. Этникалық халық жағынан Өзбекстанда үшінші орында тұратын қазақтар – 1989 жылы 808,2 мың болса, 2021 жылға қарай олардың саны – 13 мыңға ғана көбейіп, 821,2 мыңға жеткен.

Өзбекстанда халық санағы 2023 жылы өтеді. Бұл тәуелсіздік алғалы бері халықтың алғашқы ресми саны, мұндай санақ соңғы рет 1989 жылы жүргізілген. 

Т. Раушанұлы