Африкада жаңа мұхит пайда болуы мүмкін

Африка құрлығының тектоникалық тақталары бір-бірінен ажырап барады. Сомали, Нубия мен Араб тақтасы уақыт өте қара құрлықтан ажырап, бөлек кетуі мүмкін. Ал құрлықтың ажыраған бөлігінде жаңа мұхит пайда болмақ.

Осылай дейді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің ғалымдары. Зерттеушілер Афар маңындағы мұхит қатпарының жынысын тексеріп, оның континенталды құрамы мен берік құрылымы біршама өзгергенін байқаған. Ғалымдардың айтуынша, бұл – тектоникалық тақтаның бір-бірінен ажырай бастағанының көрінісі. Алайда тектоникалық жарылыс дәл қай жерде басталғаны әзірше белгісіз.

Ғалымдардың бір тобы тектоникалық жарылыс дәл үш тақтаның біріккен тұсында басталуы мүмкін деседі. Бұл теорияға сүйенсек, осы тұста мантиядан тау жынысы жарылып, газ бөлініп жатыр. Жер бетінен бір ақау кетсе, үлкен жарылыс болмақ.

Ал ғалымдардың тағы бір тобы тектоникалық тақтаның жылжу траекториясын GPS арқылы өлшеп, спутниктен бақылауға болатынын айтады. Тіпті, ғарыштан миллиметр өзгерістің өзін анықтауға болады екен.

«GPS-тен барынша көбірек ақпарат алғанымыз өзімізге жақсы. Деректерді салыстырып, болжап жасауға, не боп жатқанын түсінуге болады», - дейді университет геологы Кен Макдональд.

Геологтардың айтуынша, жаңа мұхит 5-10 млн жылдан кейін пайда болуы ықтимал.