Мандарин туралы 5 факт

Мандарин туралы 5 факт

Мандарин – Жаңа жылдың басты белгілерінің бірі. Цитрус ағашының шағын жемістерін қызықты дәмі және пайдалы қасиеттері үшін бұрыннан жақсы көреді.

1-факт

Жеміс қытай империясының «мандариндер» деп аталған мемлекеттік шенеуліктердің арқасында атағын алған. Сонымен қатар, олар қою қызғылт-сары мантия киіп жүретін болған. Оған қоса, цитрус ағашының шағын жемістері салтанаттылықтың заты ретінде қабылданған. Сондықтан оны жоғары қызметтегі кісілер ғана ала алатын болған.

2-факт

Бір мандаринде шамамен екі шай қасық қант бар.

3-факт

Кішкентай қызғылт-сары жеміс – С дәруменінің керемет көзі. Оның бір түйірін жеп, сіз өзіңізді тәуліктің норманың 80%-мен қамтамасыз етесіз.

4-факт

Әлем бойынша мандаринді ең көп шығаратын да, қолданатын да Қытай болып саналады. Жылына Қытайда 12 миллион тонна цитрус алынады. Бұл тізімде Қытайдан соң Испания, Түркия, Бразилия және Египет орын алады.

5-факт

Жаңа жылға мандарин сыйлау дәстүрі өз бастамасын Қытайдан алады. Қытай Жаңа жылын тойлау кезінде мандарин молшылықтың және сәттіліктің белгісі болған. Сондықтан оны жиі достарына, туыстарына және іскерлік серіктестеріне сыйлайды. Содан соң бұл дәстүрді АҚШ, Канада және Ресей де қолданып кетті.

Алайда, мандариннің күшті аллерген екенін ұмытпаңыз. Сондықтан дәрігерлер сау ересек адамға күніне 5-7 мандарин, ал балаларға 2-3 мандарин жеуді ұсынады. Олар жүкті және бала емізетін әйелдерге тіптен жемей тұра тұру керектігін айтады.