"С" дәрумені туралы ұмытпаңыздар

"С" дәрумені туралы ұмытпаңыздар

Ағзаңыздың жақсы жұмыс істеуі үшін дәрумендер керек екендігін білетін шығарсыздар. Мысалы С дәрумені адамдарға күнделікті өмірде қажет. Өйткені дене қызымын қалыпты ұстап, көңіл-күйіңізге керемет әсер етеді. 

С дәрумені балмұрын мен барбадос шиесінде көптеп кездеседі. Бірақ бір тәулікке жететін мөлшерін киви жемісінен де алуға болады. Дәрумен дәл терінің астында орналасқандықтан, жемісті өте жұқа етіп аршу керек немесе сыртымен тұтыну керек. Сонымен қатар бұл маңызды дәрумен ақжелкен, цитрустік жемістер, қара қарақат секілді жемістерде бар. Және ашытқан қырыққабатты да ұмытпау керек. 

С дәрумені көптеген аурудың алдын алып, өзіңізді сергек ұстауға көмектеседі. Сондықтан осы дәруменді күн сайын тұтынуға кеңес береміз. 

Сурет: liveinternet.ru

Ж. Исакаев