Жаңа жылға арналған макияж

Жаңа жылға арналған макияж
Фото: Артем Орлянский

Әйел адам үшін жаңажылдық бейне – мерекелік киім ғана емес, сонымен қатар макияж, салтанатты маникюр және ыңғайлы шаш үлгісі. 2018 жыл ит жылы болғандықтан салтанат пен жылтырақ емес, ыңғайлылық пен сабырлылық бағаланады. Өте ашық және көзге түсер реңктер емес, Жер стихиясының реңктері, яғни тірі табиғат түстері сай келеді.

Әйелдер ұнататын smoky eyes «сұрғылт көз» макияжы ит жылына дәл келеді. Себебі ол өте қанық емес болса да айқын көзқарас сыйлайды. Стилистер smoky eyes көз макияжымен жақ пен ерін нейтрал көрінуі керектігін айтады. Ол қанық емес далап (румяна) және көзге түсетіндей емес ерін далабы (ерінге арналған жылтырақ) секілді барынша табиғи түс болуы керек.

Тағы бір әдемі әрі қарапайым стиль – «nude» макияжы. Ол бетіңізде макияж жоқ секілді эффект береді. Бұл макияжда көзге де, ерінге де екпін қоймайды. Мұндай макияжды терісі таза бойжеткендерге жасау жеңілге түседі. Бетіңізге табиғи түсті тональді крем мен далап жағып, кірпігіңізге көлемді ететін тушь қолданып, ерінді қарапайым жылтырақ далаппен бояйсыз.

Бұл жылы ретро стиль де жасауға болады. Бұл макияжда ерінге екпін береді. Алайда ерінді бұрынғы ретро стильдегі секілді өте қанық қызыл түсті далаппен емес, қою қызыл немесе қоңыр-қызыл түс таңдаған жөн. Көзге тень жақпай-ақ қара сүрмемен (подводка) сызып шығыңыз. Егер теньсіз ыңғайсыз болса, жеңіл алтын түстес тень қолданыңыз.

Қара шашты ақ бойжеткендерге «мысық көзқарас» макияжы жарасады. Бадам дәні тәрізді «мысық» пішінін сүрме арқылы жасайды. Бұл кезде сұр, қара, қоңыр немесе қою көк түсті теньдермен және нейтрал түсті ерін далабымен үйлеседі.

Сары шашты әрі терісі ашық түсті бойжеткендерге нәзік алқызыл тень мен алқызыл ерін далабын таңдауға болады.

Ақ және күміс түстер бәріне жарасады және қыс мезгіліне сай келеді. Бұл түстерді сұр реңктермен үйлестіре отырып, «жеңіл жұмбақтылық» эффектін жасауға болады. оған суық реңкті ерін далабын таңдау ұсынылады. Мысалы, қызыл күрең, күлгін, қызғылт және т.б.

Табиғи қастар сәнде екенін ұмытпаңыз. Сондықтан оны қатты бояудың қажеті жоқ, қалауыңыз бойынша жай тегістеп бояуға ғана болады. Жаңа жыл күні макияжыңыз әдемі болу үшін бастысы тері өзін жақсы сезіну керек. Ол үшін бір-екі күн қалғанда ұйқыңыз қанық болуы керек. Сонымен қатар, алдын ала теріні демалтатын маскалар жасаңыз. 

А. Жапатова