Ақша аз болғанда үйді сәндеу әдісі

Ақша аз болғанда үйді сәндеу әдісі
Фото: kulturistra.hr

Жаңа жылдық мейрамды асыға күтетіндер үшін безендірудің өзі де мерекедей. Жылтырақтарға ақша шығармай-ақ, үйді сәндеуге болады. Сізге тек ақ парақтар, қарындаш және қайшы ғана жеткілікті. Олай болса, іске сәт!

Қағаздан жасалған қарларды шамдарға мынадай етіп іліп қоюға болады.

Дастарханға да жаңажылдық сән беруге болады. Қолдан жасалған қарды үстел үстіне қойып, оның үстіне суреті жоқ қарапайым дастарқанды жайып тастасаңыз, үстеліңіз жайнай түседі.

Үлкенді-кішілі қарларды мақта ұлпасымен араластыра іліп те безендіруге болады.

Терезелерге сурет салғанға қарағанда, қағаздан жасалған қарларды немесе аққала, аяз ата бейнелерін суреттегідей етіп жапсыруға болады.

Қағаздан тек қарды емес, мынадай биші қыздарды қиып жасауға болады. Көріңіз, ерекше болары сөзсіз!

Дастарханға мынадай етіп те сән беруге болады. Қағаздан ойып жасап, қар басқан шыршаларды тізіп қойсаңыз, кешіңізге көрік бере түседі.

Г. Берік