Метродағы Жаңа жылдық тосынсый (Видео)

Метродағы Жаңа жылдық тосынсый (Видео)

Түркияның Бурса қаласында, метрода поезд тосқан жолаушыларға жаңа жылдық тосынсый жасалды. Қарапайым киініп, жолаушылардың арасында жүрген «Bando» тобы шағын концерт берді. Олар күтпеген жерден әдемі әуенді әуелетіп жібергенде, қара халық абдырап, артынша шын қуанды. Бұл тосынсыйға шын қуанған түрік ағайындар, концерт соңында өнерпаздарды қошеметке бөледі. Жаңа жыл қарсаңындағы үздік тосынсыйлардың бірі болған мына қызық оқиғаның куәгері болғыңыз келсе, онда мына бейне баянға назар аударыңыз.

Сурет: www.blog-fiesta.com

Е. Жұмабайұлы