Жаңажылдық жұлдызша

Жаңажылдық жұлдызша

Жаңа жыл – әлем халқына ортақ мереке. Осы мерекенің қарсаңында ата-аналар балаларымен қосылып үйдің ішін безендіреді. Бөлмеге шырша қойылып, шарлар ілінеді. Безендірудің бұлардан өзге түрлі тәсілі бар. Олай болса, үй ішіне көрік беріп, әрлеуге көмектесетін тағы да бір жаңажылдық жұлдызшаны бірге жасайық. 

Ол үшін бізге:

- ақ қағаз;

- желім;

- қайшы қажет.

 

1. Ақ қағазды бүктейміз.

 

2. Қайшымен артық бөлігін қиямыз. 

 

3. Ұштары бірігетіндей етіп бүктейміз.

 

4. Қайшының көмегімен шеткі бөлігін қиямыз.

 

5. Қайшымен түбіне дейін жеткізбей ішкі бөлігін қиямыз.

 

6. Ішкі бөлігін тағы да бір рет қиып, бүктелген қағазды ашамыз.

 

7. Бүктелген қағаз ашылғанда суреттегідей болуы тиіс.

8. Желімнің көмегімен ортасындағы қиылған бөлікті шетіне бағыттап жапсырамыз.

9. Дәл осылай жасалған қағаздың ішкі бөлігін сыртына қайырып жапсырамыз.

10. Оларды өзара біріктіреміз. 

Жаңажылдық жұлдызшамыз дайын!

Жаңажылдық жұлдызша

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

Қ. Бүйенбай