Инчхон-2014. Ескекшілер тағы екі жүлде еншіледі

Инчхон-2014. Ескекшілер тағы екі жүлде еншіледі

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының оныншы күніндегі тартыстар отандастарымыз үшін сәтті өтуде. Қазақстандық ескекшілер қоржынға тағы бір алтын мен күміс жүлде салды.

500 метрге байдарка қайықпен жарыста Наталья Сергеева Ирина Подоиникова Қытай мен Жапония құрамаларын артқа тастап, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ал 200 метрге екі адамдық байдарка қайықпен жарыста Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов күміс медаль иеленді. Олар Жапония спортшыларын ғана алға оздырып алды.

Бокстан 75 келіде бақ сынайтын Жәнібек Әлімханұлы тайпейлік Янь Ю Тинді екінші раундта нокаутқа жіберіп, жұдырықтасуын мерзімінен бұрын аяқтады. Енді ертең жерлесіміз осы салмақта рейтинг көшін бастап тұрған ирандық боксшы Саджад Мехрабимен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Сонымен қатар, бүгін Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі) және Әділбек Ниязымбетов (81 келі) рингке көтерілетін болады.

Еркін күрестен 86 келіде бақ сынап жатқан Есболат Нұржұмбаев жартылай финалда тәжік Бахадор Кадыровты 4:1 есебімен ұтып, финалға шықты. Енді алтын медаль үшін ирандық Мейсам Мұстафажауһармен белдесетін болады. 125 келіде Дәулет Шабанбай да жартылай финалда жапон Набуоши Аракиданы 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының алтынына таласуға мүмкіндік алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

О. Сансызбай