Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына 40-медаль түсті

Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына 40-медаль түсті

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының тоғызыншы күнінде Қазақстан қоржынына 40-медаль түсті. 

Еркін күрестен 75 келіден сынға түскен қазақстандық спортшы Гюзель Манюрова күміс жүлдені еншіледі. Ол финалда қытайлық Фен Чжоудан 0:4 есебімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетсек, Гюзель Манюрова мен Фен Чжоу осы жылы Алматыда өткен Азия чемпионатың финалында күрескен болатын. Сол кезде жерлесіміз қытайлық спортшыны жеңген еді.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіру бәсекесінде қазақстандық Ольга Сафронова қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында бірінші орынды қытайлық Йонли Вей (11,48 секунд) еншілесе, күміс медаль жапониялық Тисато Фукусимаға (11,49) бұйырды. Қазақстандық спортшы 11,50 секунд нәтиже көрсетті.

Біздің тағы бір спортшы Виктория Зябкина (11,68) мәре сызығын 4-ші болып кесті.

Бүгін Азия ойындарының тоғызыншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 9 алтын, 11 күміс, 20 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vk.com

Н. Айдархан