Инчхон-2014. Алмастың алтын алуына бір келі жетпеді

Инчхон-2014. Алмастың алтын алуына бір келі жетпеді

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының алтыншы күнінде зілтемірші Алмас Өтешов күміс медальға қол жеткізді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 393 келіні бағындырып, қытайлық ауыр атлет Лю Хаодан бір келіге қалып қойды.

94 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырса, қарсыласы Лю Хао 173 келімен шектелді.

Ал, серпе көтеруде Алмас Өтешов алғашқыда 212 келіні көтеріп, екінші мүмкіндікте 218 келіні ала алмады. Қытайлық спортшы бұл сында 210 және 215 келіні көтеріп алға шықты. Алмас үшінші мүмкіндігінде 218 келіні бағандырса, қытайлық ауыр атлет соңғы талпынысында 221 келіні басынан асырып, жеңімпаз атанды. Осылайша Алмас Өтешов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бүгін Азия ойындарының алтыншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 6 алтын, 8 күміс, 16 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz

Н. Айдархан