Әйеліне ренжіп, талға көшкен күйеу

Әйеліне ренжіп, талға көшкен күйеу

Үндістанда Мумбай қаласының тұрғыны өз әйелінің әлдекіммен әуейі болғанын біліп қойып, әрменгі өмірін ағашта сүруді дұрыс деп тапқан.

Ол үйіне келген сәтте үйде бөтен еркек болған. Өкпесі қара қазандай болған ол әйелінің кешірім сұрауын күтеді. Мұндай мазмұндағы сөз айтылмағандықтан, ол туған-туыстарын жинап алып, кешірім сұратуды ойлайды. Мұнда да әйелі қырсыққан соң, шарасыз күйеуі талдың басына өрмелеп шығып, сонда паналамақ болған. Оның айтуынша, әйелі кешірім сұрамайынша, ол талдың үстінен түспейді екен.  

Бірақ оның бұл әрекеті де нәтиже берер емес. Сөйтіп, оның ағаш басындағы өмірі 9 айға созылған! Алғашқы кезде ол ағаштың жемістерін жеген. Ал кейіннен туған-туыстары әкелген азықпен күн көрген.

Шарасыз жарының күйіне қарамастан, қырсық әйел өзге жігітімен басқа қалаға кетіп қалыпты. Құқық қорғау орындары тым-тырыс...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: games.mail.ru

А. Құлтай