Блогшылар смайл күнінде күлдіреді

Блогшылар смайл күнінде күлдіреді

19 қыркүйек – смайлдың туған күні. Әдемі әлпет пен қайталанбас көңіл-күйді жанұшыра қайталап, жеткізуге асық болатын кіп-кішкентай бейнелердің туған күніне қазақ интернетінің белсенді қолданушылары Массагет мінбері арқылы сыйлық-әзіл ұсынбақ.

Данияр Алан, блогшы

Әйелі ананы істейді, мынаны істейді... Күйеуінің көңілін аудара алмапты... Бір күні маникюр, педикюр, 6 сағат СПА салонда отырып, әбден әдеміленіп, үйіне келіп күйеуін күтіп отырыпты. Әдеттегі уақытында күйеуі жұмыстан келеді. Әйелі:

- Жанным... Менің бойымнан қандай өзгешелік көріп тұрсың? Күйеуі қарап тұрып:

- Қандай өзгеріс?! Ешқандай өзгеріс жоқ... - депті. Ертеңіне әйелі іш-киіммен есік ашады. Оқиға қайталанады. Күйеуі әйелінің бойынан ештеңе таба алмайды. Үшінші күні әйелі тырдай шешініп, басына противогаз киіп ашыпты есікті:

- Жанным... Менің бойымнан қандай өзгешелік көріп тұрсың? Күйеуі қарап тұрып:

- Ііі... Шашыңды алып тастағансың ба не? - депті.

 

Ая Өміртай, блогшы

Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс:

- Маған да ішкізсеңші! - депті.

Шал:

- Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба?

- Жоқ, сұрамаймын, - депті Тоты.

Шал:

- Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын! - депті шал. Екеуі ішіп, жатыпты. Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.

- Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! - депті бір кезде…

Мейіржан Әуелханұлы, блогшы

Кешкі басқосуға барғалы жатқан келіншек баласын қайын атасының жанына тастап кетпек болады. Тілге көнбеген балаға шешесі: «Атаңның қойнына жатып ұйықта, болмаса, мен жатып аламын» деп қызықтырыпты. Бала сонда да қалуға көнбепті. Сонда төрде жатқан шалекең келініне қарап: «Әй келінжан, баланы өздерің жаман үйретеді екенсіңдер, бірдеңені істеймін деп айтасыңдар-дағы істемей қоясыңдар» деп кейіпті.

***

Жиені:

- Нағашы ата, осы сауатсыздықтың пайдасы бар ма? - деп сұрапты.

Сонда нағашы атасы:

- Басқасын білмедім, әйтеуір көзге өте пайдалы екен, - депті.

***

Жындыханада біреу тұншығып өліпті. Дәрігер өлікпен бір бөлмеде жататын тағы бір жындыдан: «Неге тұншығып өлгенін білесің бе?» деп сұрапты.

Әлгі жынды: «Білемін. Мен жерге бұл үйде тыныс алуға болмайды деп жазып қойғанмын» депті.

***

Мұғалім оқушысына: «Қант деген сөзге сөйлем құра» депті. Сонда әлгі оқушы: «Бір шыны шай құйдым» депті. Мұғалімі: «Қанты қайда кетті?» десе шәкірті: «Қант шайға еріп кеткен» депті.

***

Емхананың алдында отырған екі баладан медбикенің бірі келіп: «Не істеп отырсыңдар?» деп сұрапты. Бірі: «Әйнек шар жұтып қойдым» депті, қасындағы екіншісі: «Сол әйнек шар менікі болатын» депті.

Өркен Кенжебек, журналист:

Бұны әзіл немесе әнекдот деуге келмейді. Бірақ сонда да... Бірде бір бай өлімнің жақындағанын сезіп, құтылар жолдарды қарастыра бастайды. Алладан туралап ажал келіп тұрса, ешқайда қашып құтылмасыңды білмейді-ау, ол Оңтүстік Америка елдерінің біріне қашпақ болып ұшаққа отырады. Ұшаққа отырып, жайланып алып, жан-жағына қарайды. Бәрі тоқмейілсіп, рахаттанып отыр. «Ух, құтылдым-ау» деп иллюминаторға қарап қалса, өлім періштесі төніп тұр дейді.

«Сенің жаныңды аламын» «Бірақ, мен мұнда жалғыз емеспін ғой, мен үшін осыншама адамды өлтіресің бе» дегенде, өлім періштесі «Осы адамның бәрін бір жерге зорға жинадым» деген екен. Ащы, бірақ шын әзіл осы Laughing

Эльвира Ергалина, блогшы

Бір әйел полиция бөлімшесіне жүгіріп келіп: - "Мені 1 сағат бұрын 5 еркек зорлап кетті!" - деп шағымданыпты. Полицей: "- Уайымдамаңыз! Қазір бәрін ұстаймыз. Әйел: - "Бәрі керек емес, екіншісін тауып беріңізші, екіншісін"

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

 Сурет: Әлеуметтік желі парақшаларынан

M. Auelkhan