Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / ӘЧ 2014 / Қола жүлде "қызғалдақтар еліне" бұйырды

Қола жүлде "қызғалдақтар еліне" бұйырды

Қола жүлде

Қола жүлде бразилиялықтарға бұйырмақ түгілі, қол болмады. Әлемнің атышулы бес дүркін жеңімпазы Нидерланды құрамасына 0:3 есебімен жеңілді. Жанкүйерлер бұл жолы өз құрамалары айыбын жуып-шайып, кеткен олқылықтың орнын толтырар деп күткен. Кездесу керісінше өрбіді...

Төрешінің ысқырығынан кейін "қызғалдақтар елі" бір деммен шабуылдауға кірісті. Ван Галдың жабық ойын үлгісі артта қалып, Ван Перси мен Роббен жұбы ойынның 3-минутында-ақ 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алған еді. Бұл ретте кездесудегі бас төреші Тьяго Силваның сытылып өтпекші болған Роббенді айып алаңының сыртынан құлатқанын аңғармай қалды. Аңғармай қалғанмен, бұдан Бразилияның жағдайы оңалмас еді. Оңтүстік америкалықтар қатарлары кемімегенмен, қақпаларына гол соққызып алды.

Көп ұзамай Дейли Блинд есепті 2:0-ге жеткізді. Қорғаушы бұл жолы Давид Луиздің сәтсіз қайтарған добын асығып-аптығып жатпастан еркіне көндіріп, қақпаның жоғарына бұрышына дәлдей салды. Жулио Сезар қайтаруға дәрменсіз болатын. Жалпы, бразилиялық қорғаныс Тьяго Сильва қатарға қайта оралысымен оңалар деп күтілген. Бірақ, бұл да бір алданыш екен. Тіпті, қосалқы құрамнан төбе көрсеткен Неймардың қарасы да көмектеспеді.

Ван Гал үшін еш мағынасы жоқ ойын 3:0 есебімен аяқталды. Бразилиялықтар екі ойында қақпаларына он доп жіберіп, құрама тарихындағы антирекордты тіркеді.  

Әлем Чемпионатында үшінші орынға таласта Бразилия мен Нидерланды құрамалары арасындағы кездесу 0:3 есебімен аяқталды...

Алғашқы тайм нидерландықтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталған болатын. 3-минутта ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Робин ван Перси 11 метрлік айып добын сауатты орындап, ойындағы есепті ашқан еді. Көп ұзамай амстердамдық "Аякстың" қорғаушысы Дейли Блинд бразилиялық қорғаушылардың қателігін пайдаланып, есепті еселей түсуге мүмкіндік алған-ды. 

Бразилиялықтар екінші жарты бөлікте жиі шабуылдап көрді, бірақ Нидерланды қақпасына гол соғатын қауіпті сәтті сол күйі ұйымдастыра алмады. 90-минутта Вейналдум есептегі айырманы 3:0-ге жеткізді.

ӘЧ-2014, үшінші орынға талас

Бразилия - Нидерланды – 0:3

Робин ван Перси, 3, Дейли Блинд, 17 Вайналдум Дж. 90+1' 

Бразилия: Сезар, Майкон, Тьяго Силва, Луис, Максвелл, Виллиан, Луис Густаво, Оскар, Рамирес, Паулинью, Жо. 

Нидерланды: Силлессен, де Врей, Мартинс, Влаар, Блинд, Роббен, Вейналдум, Снейдер, Класи, ван Перси, Кюйт.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Қосылған күні: 13 шілде 2014, 03:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.