ӘЧ-2014. Аргентина жартылай финалға шықты

Әлем Чемпионатында 1/4 финалда Аргентина мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды...

Италиялық "Наполидің" шабуылшысы Гонсало Игуаин ойынның 8-минутында есеп ашқан болатын. 

Ойынның 32-минутында мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария жарақат алып, алаңдағы орнын босатуға тура келді. Орнына Энцо Перес шықты.

Екінші таймды аргентиналықтар ширақ бастады. 54-минутта Гонсало Игуаин есепті еселей түсуге жақын еді, бірақ оның соққысы қақпа маңдайшасынан серпіліп кетті. 

Бельгиялықтар уақыт өте белсенді қимылдай бастады, бірақ гол соғар мүмкіндіктерді қарастыра алмады.

Аргентина жартылай финалда Нидерланды–Коста-Рика кездесуінің жеңімпазымен жолығысады.

ӘЧ-2014, 1/4 финал

Аргентина – Бельгия – 1:0

Гонсало Игуаин, 8

Аргентина: Ромеро, Сабалета, Демичелис, Гарай, Басанта, Биглия, Маскерано, Лавесси, Месси, Ди Мария, Игуаин.

Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, ван Бюйтен, Компани, Вертонген, Витцель, Феллайни, Де Брейне, Миральяс, Азар, Ориги.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am