ӘЧ-2014. Немістер жартылай финалға шықты

ӘЧ-2014. Немістер жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейрода «Маракана» стадионында өткен Франция мен Германия құрамалары арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды...

Ойынның 12-минутында Матс Хуммельс Кроостың айып добынан орындаған пасын Льорис қорғаған қақпаға тоғытқан еді.

Үзілістен кейін ойын алма-кезек шабуылдарға ұласты. 34-минутта француздар есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік алған-ды, бірақ Гризманның бағыттаған соққысын Нойер жұдырығымен қайтарған еді, ал Кәрім Бензема бұл сәтті қажетіне жарата алмады. 

Франция құрамасы сапында тыңнан екі ойыншы шыққан соң, Нойердің қақпасы маңында неміс қорғаушылары өз қақпаларына гол соғып жібере жаздады. Немістер сапында Андре Шюрлле екі жолы көзге түсетін мүмкіндікке ие болған тұғын. 

Ойын аяғында Кәрім Бензема тағы бір тамаша мүмкіндікті зая жіберіп алды, Нойер дер кезінде білегін қоя білді.

ӘЧ-2014, ширек финал

Франция - Германия - 0:1 

Хуммельс, 12

Франция: Льорис, Дебюши, Эвра, Варан, Сако, Кабай, Матюиди, Погба, Вальбуэна, Гризманн, Бензема.

Германия: Нойер, Лам, Боатенг, Хуммельс, Хёведес, Швайнштайгер, Хедира, Кроос, Озил, Мюллер, Клозе.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

О. Сансызбай