ӘЧ-2014. Шакираның әні жабылу салтанатында шырқалады

ӘЧ-2014. Шакираның әні жабылу салтанатында шырқалады

"Dare" (La La La) осы күні футбол әлемінде жұртшылық аузында көп айтылып жүргендіктен, әннің орындаушысы Шакираны Әлем Чемпионатының жабылу салтанатына шақырып отыр екен.

Pitbull мен Дженнифер Лопестің орындауындағы We Are One композициясы Бразилияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатының ресми әнұраны саналғанмен, бірақ осы күні Шакираның аталған әні жұртшылықты өзіне елітуде. Ресми әнұранға қарағанда, осы әнге келгенде сұраныс көп, деп хабарлайды Popcornnews.

Аталған клипте футбол әлемінің бір топ жұлдыздары, сол қатарда әншінің күйеуі Жерар Пике бой көрсеткен. 

FIFA Шакираны Әлем Чемпионатының салтанатты жабылу кешінде өнер көрсетуге шақырған.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: pasionlibertadores.com

О. Сансызбай