Шакири Швейцарияны топтан алып шықты

Шакири Швейцарияны топтан алып шықты

Әлем чемпионатындағы «Е» тобындағы шешуші кездесулер де мәресіне жетті. Швейцария Гондурасты ойсырата жеңіп, екінші жолдаманы иеленсе, Франция мен Эквадор арасындағы ойында есеп ашылмады.

Бұл топтағы мамандар топшылауы дәл келді десек қателеспейміз. Франция – фаворит екенін дәлелдесе, Гондурас аутсайдер ретінде сенсация жасай алмады. Ал екінші жолдамаға таласады деп күтілген тартыста швейцариялықтардың айы оңынан туды.

«Е» тобындағы соңғы кездесулер жаңа ғана аяқталды. Франция мен Эквадор арасындағы ойында есеп ашылмады. Ал Швейцария құрамасы Джердан Шакиридің хет-трик авторы атануының арқасында плей-офф жолдамасын жеңіп алды.

1/8 финалда Франция құрамасын Нигерия, Швейцарияны Месси бастаған Аргентина құрамасы күтіп тұр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай