ӘЧ-2014. Тікелей таратылымдар рекорд орнатуда

ӘЧ-2014. Тікелей таратылымдар рекорд орнатуда

Бразилияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатының көрсетілімдері телекөрермендердің рекордтық сан мөлшерін жинауда. Бұл туралы ФИФА-ның телевизиялық директоры Никлас Эриксон хабарлаған.

Никлас Эриксон Жапония мен Кот-д'Ивуар арасындағы кездесу турнирдің бірінші турында ең көп көрілген ойын болды дейді. 34,1 миллион көрермен Жапонияда таңғы сағат 10-дар шамасында өз ұлттық құрамаларының жеңілісін көрген (1:2).  

Ал ашылу матчы - Бразилия құрамасы Хорватияны тізе бүктірген кездесуді (3:1) жергілікті Globo телеарнасынан 42,9 миллион телекөрермен тамашалаған екен. 

Америкалықтар мен Гана арасындағы тартысты ойынды (2:1) 11,1 миллион АҚШ тұрғыны тамашалап, бұл өз кезегінде аталған мачты таратқан  ESPN телеарнасы үшін рекордтық көрсеткіш болыпты. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: footboom.com

Л. Лига