Испания - Аустралия кездесуі аяқталды

Испания - Аустралия кездесуі аяқталды

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - В тобында Аустралия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 0:3 есебімен аяқталды...

Бірінші таймда испандықтар сапынан Давид Вилья көзге түсті. 36-минутта испан шабуылшысы Хуанфран берген пасты қақпашыдан айласын асырып кіргізе алған-ды.

Екінші жарты бөлікте де испандықтар шабуылда ширақ қимылдады. Нәтижесінде екі бірдей испан ойыншысы көзге түсті. Алдымен Торрес есепті еселей түсуге мүмкіндік алса, көп ұзамай қосалқы құрамнан шыққан Хуан Мата есепті 3:0-ге жеткізді.

Испания мен Аустралия құрамалары Әлем Чемпионатымен қош айтысты. Ал Нидерланды құрамасы Чилиді 2:0 есебімен ұтып, топтан бірінші боп шығуға мүмкіндік алды.

ӘЧ-2014, B тобы, үшінші тур

Аустралия – Испания – 0:3

Давид Вилья, 36, Фернандо Торрес, 69, Хуан Мата, 82

Аустралия: Райан, Дэвидсон, Спиранович, Леки, Таггарт, Оар, Бозанич, Единак, Маккей, Макгован, Уилкинсон.

Бас бапкер - Ангелос Постекоглу

Испания: Рейна, Альбиоль, Хунфран, Иньеста, Вилья, Торрес, Алонсо, Рамос, Коке, Альба, Касорла.

Бас бапкер  – Висенте Дель Боске

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига