Нигерия 1 - 0 Босния және Герцеговина

Нигерия 1 - 0 Босния және Герцеговина

Әлем Чемпионатының екінші тур ойындарында - F тобында Нигерия құрамасы Босния-Герцеговинадан 1:0 есебімен басым түсті...

Кездесу алғашқы он минуттықта тартысты өткенмен, кейіндеу босниялық ойыншылардың қарқынына байланысты бәсеңдей бастады. Өз кезегінде нигериялықтар шабуылға емін-еркін шығуға мүмкіндік алып, қақпаға алыстан соққы бағыттап көрді.

Босниялық ойыншылардың ауыр қимылы кездесудегі жалғыз голдың соғылуын жиілетті. 29-минутта Эммануэль Эменикенің асырып берген тамаша пасын Питер Одемвинги еш қиындықсыз қақпашыдан асырып жібере алды.

Эдин Джеко қосымша минуттарда басқа асырылған допқа бірінші жетіп, баспен соққы бағыттап көрген болатын. Бірақ, соққысы дұрыс шықпады.

Осы кездесуден кейін Босния құрамасының жағдайы нашарлай түсті, осымен екі кездесуде екі жеңіліске ұшырап отыр. Ал Нигерия құрамасы тамаша мүмкіндікке ие болды.

Нигерия 1 - 0 Босния және Герцеговина

Әлем Чемпионаты, F тобы

Питер Одемвинги, 29-минут

Нигерия: Эньяма, Йобо, Амброус, Муса, Одемвингие, Эменике, Микел, Ошанива, Онази, Бабатунде, Омеруо.

Босния және Герцеговина: Бегович, Спахич, Бешич, Пьянич, Мисимович, Джеко, Муйджа, Шуньич, Лулич, Медуньянин, Хайрович.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига