Ағылшындар Уругвайдан ұтылды

Ағылшындар Уругвайдан ұтылды

Әлем Чемпионатында Уругвай құрамасы Англияны 2:1 есебімен тізе бүктіріп, топтық кезеңнен шығуға мүмкіндік алды.

Ағылшындар өз қақпаларына гол жіберіп алғанға дейін алаңға иелік етіп, жиі шабуылға шығып отырған тұғын. Сондай сәттердің бірінде Уэйн Руни бос қақпаға гол соға алмай қалды. Бұл жолы ойыншының баспен ұрған соққысы қақпа бағанасынан кері қайтып еді. 

Уругвайлықтарға Кавани – Суарес жұбы жеңіс әкелді. Кавани қарсыластың айып алаңының ішіндегі "Ливерпуль" шабуылшысын көріп, дер кезінде басқа пас асырған-ды. АПЛ-дің үздік сұрмергені Джо Харт қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын.

Екінші жарты бөлікте ағылшындар есепті теңестіруге тырысты. "Қызыл сойқандардың" шабуылшысы Руни сондай шабуылдардың бірінде таразы басын теңестіріп кетті. Бұл жолы бұрыш қапталдан Джонсон асырған пас голға айналған еді.

Ағылшындар бұдан кейін жеңіске жетуге асықты. Өз айып алаңдарын тастап кеткен шақта, Суарес Хартпен екінші жолы бетпе-бет шығуға мүмкіндік алды. Екінші мүмкіндігін уругвайлық зая кетірмеді.

Уругвайлықтар 3 ұпайға ие болып, топтан шығуға мүмкіндік алды. Ал Англия құрамасының топтан шығуы қиындай түсті.

ӘЧ-2014, D тобы, екінші тур

Уругвай – Англия – 2:1

Луис Суарес, 39, 85 – Уэйн Руни, 75

Уругвай: Муслера, Касерес, Хименес, Годин, Перейра, Гонсалес, Риос, Лодейро, Родригес, Кавани, Суарес.

Англия: Харт, Джонсон, Кэхилл, Ягелка, Бэйнс, Хендерсон, Джеррард, Стерлинг, Руни, Уэлбек, Старридж.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

О. Сансызбай