Видео: Англия 1 - 2 Италия. Харттың жүйкесі сыр берген сәт

Видео: Англия 1 - 2 Италия. Харттың жүйкесі сыр берген сәт

Андреа Пирлоның ғаламат соққысынан кейін ағылшындардың қақпашысы Джо Харттың жүйкесі сыр берген сәт...

Естеріңізде болса, Пирлоның қақпаға бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан кері серпілген болатын. Артынша Харт жарнама баннерлерін аяқпен бір теуіп, тез арада доп берулерін сұрапты: "Маған құрып кеткір допты беріңдерші!". 

Айта отырсақ, Англия құрамасы 1:2 есебімен Италия құрамасына жеңілген еді.

Кездесуден кейін португалдық бапкер Жозе Моуринью ағылшындардың тамаша ойын өткергенін айтқан-ды. Бірақ, Рунидің алаңдағы орнын анықтауда бапкердің қателікке ұрынғанын қоса кеткен-ді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: he-il.facebook.com

О. Сансызбай