Аргентина 2 - 1 Босния және Герцеговина (видео)

Аргентина 2 - 1 Босния және Герцеговина (видео)

Рио де Жанейро қаласында Аргентина құрамасы Босния және Герцеговина құрамасын 2:1 есебімен жеңді және Әлем Чемпионатында екінші автогол тіркелді...

Бірінші тайм қос құраманың допқа таласынан басталған болатын. Бар-жоғы 3-минутта Колашинац өз қақпасына доп соғып алды. Одан кейін аргентиналықтардың аптығы басылып қалғандай көрінді. Ал босниялық ойыншылар шабуылға шығуға аса ықылас таныта қоймады.

Екінші жарты бөлікте аргентиналық ойыншылар допқа көп иелік ете бастады. Көп тәуекелге барудың қажетсіздігін ескеріп, орталық алаңда бір-біріне пас алмасып жүрумен болды. 65-минутта Месси орталық бөліктен берген пасын қайтара өзіне алып, аз уақытта командасы үшін алғашқы добын соқты. Бегович қорғаған қақпа әлемнің таңдаулы сұрмергенінің алдында дәрменсіз еді. 

Ойынның 85-минутында Ибишевич Босния және Герцеговина құрамасының Әлем Чемпионаты тарихындағы алғашқы голын соқты. Қосалқы құрамнан шыққан ойыншы Ромеро қорғаған қақпадан саңылау тапты. 

Аргентина – Босния және Герцеговина – 2:1 (1:0)

Голдар: Месси 65’ – 2:0, Колашинац 3’ (автогол) – 1:0, Ибишевич 85’ – 2:1

Аргентина: Ромеро, Гарай, Кампаньяро (Игуаин 46’), Сабалета, Рохо,Фернандес, Маскерано, Родригес (Гаго 46’), Ди Мария, Месси, Агуэро (Билья 87’)

Қосалқы құрам: Басанта, Орион, Демикелис, Лавесси, Альварес, Перес, Паласио, Андухар, Фернандес

Босния Герцеговина: Бегович, Бисакшич, Спахич, Колашинац, Бешич, Пьянич, Мисимович (Медунянин74’), Муйджа (Ибишевич 69’), Лулич, Хайрович (Вишча 71’), Джеко

Қосалқы құрам: Авдукич, Врсайевич, Враньеш, Салихович, Сушич, Фейзич, Хаджич, Ибричич, Шунич

Ескертулер: Спахич 63’, Рохо 25’

Бас қазы: Жоэль Агилар.

"Маракана" стадионы (Рио де Жанейро).

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

О. Сансызбай