Уругвай 1 – 3 Коста-Рика

Уругвай 1 – 3 Коста-Рика

Уругвай мен Коста-Рика құрамалары Д тобында алғашқы ойындарын өткерген болатын.

Бірінші тайм екі жақтың тең таласымен өткен болатын. Дей тұра, уругвайлықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Француздың "ПСЖ" клубының шабуылшысы Эдисон Кавани 11 метрлік айып добын сауатты орындап еді.

Екінші тайм коста-рикалық ойыншылардың жанкештілігімен басталды. Ойынның 54-минутында Кэмпбелл Уругвайдың айып алаңында әуелеп келген допқа иелік етіп, Муслера қорғаған қақпаны дәл нысанаға алған-ды. Мүлт кетпеді және есеп теңесті. Көп ұзамай Дуарте алыс бұрышқа баспен соққы бағыттап, өз командасын алға шығарған-ды. 84-минутта қосалқы құрамнан шыққан Уренья үшінші допты соғып, жеңіске деген ешбір шүбәні қалдырмады.

ӘЧ-2014, D тобы, бірінші тур

Уругвай – Коста-Рика – 1:3 

Эдисона Кавани, 24 (пенальти), Кэмпбелл 54-минут, Дуарте 57, Уренья 84

Уругвай: Муслера, Перейра, Лугано, Годин, Касерес, Гаргано, Риос, Стуани, Родригес, Форлан, Кавани. 

Коста-Рика: Навас, Гонсалес, Уманья, Борхе, Дуарте, Боланьос, Кэмпбелл, Руис, Диас, Гамбоа, Техеда.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

О. Сансызбай