Колумбия 3 - 0 Грекия

Колумбия 3 - 0 Грекия

С тобының алғашқы ойындары болып өтті. Колумбия құрамасы Грекияны 3:0 есебімен жеңіп, сол арқылы топтан шығуға тамаша мүмкіндік алды...

Колумбиялықтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдылықты өз қолдарына алған болатын, 5-минутта лондондық  «Вест Хемнің» қорғаушысы Пабло Армеро есеп ашты. Гректер бірінші таймда таразы басын теңестіруге қауіпті сәт ойластырғанмен, голға ұластыра алмады. 

Екінші таймда аргентиналық «Ривер Плейттің»  шабуылшысы Теофило Гутьеррес көзге түсті. 58-минутта есепті ұлғайтты. 

Кездесудің соңына таман колумбиялықтар қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырға-ды. Қосымша уақытта "Монаконың" шабуылшысы Хамес Родригес мергендігімен танылды. Есеп: 3:0. 

ӘЧ-2014 C тобы, бірінші тур 

Колумбия – Грекия – 3:0 

Пабло Армеро, 5, Теофило Гутьеррес, 58, Хамес Родригес, 90+3

Грекия: Карнезис, Манниатис, Манолас, Самарас, Коне, Салпингидис, Торосидис, Гекас, Папастатопулос, Холебас, Кацуранис (к).

Колумбия: Оспина, Сапата, Йепес (к), Санчес, Армеро, Агилар, Гутьеррес, Хамес Родригес, Куадрадо, Ибарбо, Суньига.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

О. Сансызбай