Англия – Италия: Стадион қызметкерлері алаңды жасыл түске бояуда

Англия – Италия: Стадион қызметкерлері алаңды жасыл түске бояуда

Англия – Италия ойының басталуына санаулы сағаттар қалғанда Манаустағы «Арена Амазония» стадионың алаңы көңіл қуантарлық күйде емес, деп жазады британдық Daily Express басылымы. 

"Бұл алаң емес, орман дерсің. Стадион қызметкерлері алаңды жасыл түске бояу арқылы алдамшы көрініс жасауға тырыспақшы" - деп жазады басылым.

Дортмундық "Боруссияның" бас бапкері Юрген Клопп мұндай алаңда жарақат алып қалу қаупінің жоғары екенін айтады. Неміс клубының жаттықтырушысы Итлаияның құрамасының негізгі сапында шығатын Чиро Иммобилеге күн бұрын алаңдаулы.

Естеріңізге сала өтсек, Англия-Италия матчы бүгін түнде Астана уақытымен сағат 04:00-де басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: express.co.uk

О. Сансызбай