Испания 1 - 5 Нидерланды

Испания 1 - 5 Нидерланды

Нидерланды құрамасы төрт жыл алдында кеткен есені толығымен қайтарып қана қоймай, мундиальға көз тіккен жұртшылыққа өзінің бірден-бір басты үміткер екенін танытты. Күйрей жеңілген "қызыл фурия" енді Чили мен Аустралия құрамаларымен өтетін ойында ұпайдан шашау шығармауға тырысады...

Испанияны 1-5 есебімен ойсырата жеңу арқылы Ван Галдың шәкірттері өздеріне жүктелген тапсырманы артығымен орындап отыр. Бұл тұста статистика да өз үдесінен шығады. Футбол тарихына көз жүгіртсек, Нидерланды құрамасы осы кезге дейін Әлем Чемпионатының бірінші ойында жеңіліп көрмеген екен. Соңғы жеті іріктеуден сүрінбей өтіп отырыпты. 

Голландиялық бапкердің бұл ойынға алып шыққан тактикасы испан "тики-такасының" тынысын тарылтып тастағаны анық. Күні бұрынғы командалар тізімінде нидерландықтардың үш қорғаушымен шығатынына көз жүгірткенде, футбол сүйер қауым бір қызықты күтіп еді. Күткен қызық сосын орын алды. Алдымен, бразилиялық жанкүйерлердің "ыстық қошеметіне" сәт сайын бөленіп жүрген Диего Коста өз командасының пайдасына он бір метрлік айып добын алып беріп, командаластарын алға шығарған болатын. Осы сәтке тағы бір қарар болсаңыз, онда "Челсидің" жаңа шабуылшысының құйтұрқы айла-әдіске жүгінгенін көрер едіңіз.

Бірақ, футбол көркі бұдан кемшің түспесі анық, испандарға екі доп айырмасымен алға шығуға мүмкіндік те туған еді. Иньеста берген пасты Давид Сильва аяғының астына алғанмен, қақпашымен бетпе-бет қалған тұста пайдалана алмады. Артынша бұрыш қапталдан әуелеген допқа бұрын жетіп, Касионың төбесінен асырып жіберген Ван Персиді көрдік. Есеп теңесті. Одан арғысы Снейдер бастаған жігіттердің аяушылығы мен шапшаңдығына тікелей байланысты болды. 

ӘЧ-2014, В тобы, бірінші тур,

Испания – Нидерланды – 1:5

Алонсо, 27 (11 м) – Ван Перси, 45, 72, Роббен, 53, 80, Де Врай, 65

Испания: Икер Касильяс, Сезар Аспиликуэта, Херард Пике, Серхио Рамос, Хорди Альба, Серхио Бускетс, Хаби Алонсо, Хаби Алонсо, Давид Сильва, Андрес Иньеста,  Диегу Коста.

Нидерланды: Силлессен, Янмат, Де Фрай, Влар, Де Врей, Мартинс Инди, Блинд, Найджел де Йонг, Де Гузман, Уэсли Снейдер, Арьен Роббен, Ван Перси.

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

О. Сансызбай